Баға тұрақтылығы – қатаң бақылауда

105

Шымкент қаласында Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Бүгінгі жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілерімен қатар, Түркістан облысының Қазығұрт және Келес аудандарының тауар өндірушілері өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды. 60-тан астам тауар өндірушілер мұнда жалпы құны 108 млн. теңгені құрайтын 73 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін қала тұрғындарына ұсынып отыр.

Аталмыш өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайызға дейін арзан саудаланды.
Көкөніске бай өлке мен таулы аймақтың өнімдерімен қала әкімі Erlan Aitakhanov арнайы барып, аталған аудан әкімдерімен бірге аралап, танысып шықты. Ерлан Қуанышұлы қаладағы жауапты мамандарға жәрмеңкедегі бағаның тұрақты болуын қадағалауды қатаң тапсырды.