«Тұлпар мініп, ту алған!»

29

116 МЕКТЕПТЕН 1094 ОҚУШЫ, 116 ҰСТАЗ БАҒЫН СЫНАМАҚ
«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына қатысуға Шымкент қаласы бойынша 116 мектептен 1094 оқушы, 610 мұғалім тіркелген.
Байқау 2 кезеңнен тұрады: 1-ші кезең аудандық, 2-ші кезең қалалық кезең. Аудандық іріктеу кезеңдері 28-31 қазан күндері, қалалық кезең 6 қараша күні өтеді деп жоспарлануда.
Оқушыларға арналған жүлде қоры: аудандық кезеңде: 1-ші орын үшін 150 000 теңге, 2-ші орын 100 000 теңге, 3-ші орын 50 000 тг.
Қалалық кезеңде 1-ші орын үшін-1 000 000 тг, 2-ші орын-600 000 тг, 3-ші орын 300 000 теңге.
Жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне арналған жүлде қоры:
Қалалық кезең: 1-ші орын алған оқушының ұстазы кемі 2 000 000 теңге, 2-ші орын кемі 1 200 000 теңге, 3-ші орын кемі 600 000 теңге.
Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Әлібекқызы байқауға қатысты өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, байқау ережесі мен тәртібі жөнінде сөз қозғады.
#Шырайлы_Шымкентте
#Брифинг

ТегтерBektaeva Zanar