БІР ОТБАСЫ УЛАНЫП, ЕКІ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ

11

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін Шымкентте бір отбасы мүшелері уланып, салдарынан екі бүлдіршін ажал құшқан. Оқиға орнына жеткен Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері улы газбен улану ықтималдығын теріске шығарды.  «Жедел кезекшілердің басқару пультіне 2019 жылғы 03 қарашада сағат 12-23-де жұқпалы аурулар ауруханасына таңертең 10-30-да «тағамнан улану» диагнозымен бір отбасы мүшелері  түскені туралы ақпарат тіркелді. Отбасы Еңбекші ауданы Алдияров көшесіндегі көп қабатты үйде тұратын. Үйде орталық жылыту жүйесі бар, орталық газ құбыры жоқ»- делінген Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында .

Зардап шекке жанұя отағасының  айтуынша, таңғы 4.40 шамасында жедел жәрдем қызметі шақырылған.  «Тамақтан улану» диагнозы анықталып, алғашқы ем  тағайындалған. Алайда, балалардың жағдайы нашарлаған соң  жедел жәрдем қызметі қайта шақырылған. Зардап шеккендер, яғни  анасы мен үш баласы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. 2015 жылы туған 4 жастағы ұл бала есін жимастан сол ауруханада көз жұмды. 32 жастағы әйел мен екі бала токсикологиялық орталыққа жолданған.  Өкінішке орай, 2018 жылы туған бүлдіршін де ажал құшқан.  Шымкент қаласы гипербариялық оксинигенациялық орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова қазіргі таңда уланудың нақты себебі анықталып жатқанын айтты. Қазір уланған отбасының  32 жасар анасы мен 11 жасар қызының жағдайы қанағаттанарлық дейді дәрігерлер.