БАУЫРЛАС ЕЛМЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

158

 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Али Рыза Акынджы мырзамен кездесіп,  Шымкент қаласы мен Түркия Республикасы арасындағы қарым-қатынастың дамуы мен одан әрі нығайту жолдарын талқылады.

Шаһар басшысы Ерлан Қуанышұлы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері екі елдің сауда-экономикалық саласында іскерлік қарым-қатынастың орнағанына, осы орайда, Шымкент қаласының шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аймаққа айналғанын  тілге тиек етті.

Өз кезегінде Али Рыза Акынджы Шымкент қаласымен Түркия Республикасы кез келген салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық жұмыстарды қолға алуға келісіп,  жандандыруға уағдаласты.