НАЗАР — ЖАҢА АУЫЛДАРДА

13

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын ерекше назарға алып, бақылауында ұстап келеді. Әкім жұмысқа кіріскен сәтінен бастап қаланың шалғай елді-мекендерін дамыту мәселесіне ден қойды. Шымқалаға жаңадан қосылған «Исфиджап», «Жаңаталап», «Сайрам», «Игілік» елді мекендері тұрғындарымен кездесіп, олардың мұң-мұқтажына қанықты. Тұрғындарды толғантқан басты мәселе – сапалы ауыз сумен қамтылу, үйлерге табиғи газ құбырын тарту, электр қуатының, жол, кәріз жүйелерінің жеткіліксіздігі, қоғамдық көлік мәселесі. Шаһар басшысы  осы түйткілдердің түйінін тарқату үшін тиісті салаға жетекшілік ететін орынбасарларынан жұмыстарды жүйелі қолға алуды талап етті.