ФРОНТ-ОФИС КЕҢЕС БЕРЕДІ

13

Шымкентте кәсіпкерлер мен инвесторларға қызмет көрсететін бірыңғай орталық бар.

«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын қамтамасыз ететін фронт-офис мамандарының қызметіне кеңес алу үшін 5 мыңға жуық адам жүгінген. «Бизнеске арналған үкімет» жобасын «SHYMKENT» ӘКК» АҚ-ғы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асыруда.

Аталмыш үдерісті оңтайландыру, кәсіпкерлер мен инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңейту мақсатында мемлекеттік кірістер және көші-қон қызметтері департаментімен «Қазпочта» АҚ қызметтерін «Бір терезе» арқылы біріктіру туралы шешім қабылданды.

Мұнда инвесторлар мен кәсіпкерлерге 9 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. «Бизнеске арналған Үкімет» нарықтағы өзгерістерді, мемлекеттік саясаттағы, экономикадағы, заңнамадағы өзгерістерді ескеріліп, сәйкесінше үнемі жаңартылып тұрады.