ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІДЕ ЕҢБЕК ЕСЕЛІ

12

Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов ақпараттық-коммуникациялық орталықта журналистермен кездесіп, 10 айда атқарылған жұмыс барысын баяндады.

Дәйектеп айтар болсақ, жергілікті бюджетке 2019 жылдың 10 айында 39,9 млн. теңге жиналған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артық.

2019 жылы «Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы балалар, спорт және жаттығу алаңшаларын абаттандыру мен күтіп ұстау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын «STRONG SERVISE» ЖШС-і іске асыра бастады.  Тартылатын инвестиция құны – 1млрд. 210,9 млн. теңге болады деп күтілуде. Бұл жобада 20 көпқабатты тұрғын үй аулаларына 13, тұрғын алабтарда 4  балалар ойын алаңшасын орнату, 33 ашық спорт, 13 воркаут және тренажер, алаңшаларын орнату, 24 ашық спорт және 8 тренажер алаңшаларын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қаралған.

Құрылыс  жұмыстары бүгінде қарқынды  жүргізілуде. Нысандар 2019 жылдың 1 желтоқсанында тапсырылады деп жоспарланды.