ШЫМКЕНТ 5 БАҒЫТТА ДАМИДЫ

21

Шымкенттің  2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы 5 бағытты қамтыды. Олар: экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық қорғау, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары.

Бағдарламада қарастырылған 72 индикатордың 2018 жылы 65-і орындалып  90,3% ды құрады.  Нәтижесінде, қаланың жалпы өңірлік өнімі 2,1 трлн теңгеге жетіп, өсімі 114,1% болды. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Халықтың жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім — 2,2 млн теңгеге жетті.