ӘЛЕУМЕТТІК КАРТА ӘЗІРЛЕНЕДІ

14

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімін қабылдаған кезде қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар бергені белгілі. Осы бағыттағы жұмысты жүйелендіру мақсатында Ерлан Қуанышұлы әр ауданды секторға бөліп, салалық басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне өзекті мәселелер көрсетілген әлеуметтік карта әзірлеуді тапсырды.

Бүгінде тапшылықтарды жою үшін республикалық бюджеттен 6,2 млрд теңге қосымша қаражат бөлінуде. Жыл соңына дейін Айкөл, Ақжар, Сайрам елді мекендеріне таза ауыз су құбырын жүргізу жоспарланған.  Нәтижесінде  Достық шағын ауданынан басталатын магистралды су құбырын іске қосып,  Ынтымақ, Жаңатұрлан, Батыс елдімекендеріне су беру көзделуде. Сонымен қатар, таяуда ғана қоғамдық көлік мәселесі шешілген Тұран шағын ауданындағы «Әдия» және «Отау» тұрғын үй кешендеріне баратын жол құрылысына да қосымша қаржы қаралды.