«БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ ЕГІЗ ҰҒЫМҒА АЙНАЛУЫ ТИІС»

17

Қала әкімі Ерлан Айтаханов шымкенттік жастармен кездесіп,  ойландырға мәселелер бойынша пікір алмасты.  Әсіресе,  жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды жұйелеуге жіті тоқталды. Уақытты тиімді пайдалану, үнемі іздену арқылы өзін-өзі дамыту сынды мәселелер де талқыланды. «Білім мен тәрбие егіз ұғымға айналуы тиіс. Сондай ақ, жаһандану заманында жастарымыз ұлттық құндылықтарымыздан алыстамаса деймін.  Кезінде Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп бекер айтпады. Өз-өзіңді дамытуды, алған біліміңді жетілдіруді үнемі жалғастыру арқылы ғана көздеген мақсатқа жетуге болады» – деді Ерлан Айтаханов.

Екі сағатқа жалғасқан кездесуде жастар ойындағы сауалдарды ортаға салып, қала басшысымен еркін пікірлесті. Ерлан Қуанышұлы жастарға деген қолдаудың толастамайтынын айтып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.