«ӘКІМ КУБОГЫНАН» ҮМІТКЕРЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

23

Бүгін көркем гимнастикадан Шымкент қаласы Әкімінің Кубогі жүлдесіне арналған ІХ-Халықаралық турнирі ашылды.

Биыл сегізінші рет шымылдығын түрген турнирде бүгінге дейін 1493 спортшы бағын сынап, 71-алтын, 67-күміс, 59-қола медальдарды иелеріне үлестірді.

Ал, биылғы додада 500-ге жуық спортшы жекелей және топтық бағдарламалар бойынша өз арасында мықтысын таңдамақ.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов турнирдың ашылу рәсіміне арнайы барып, спортшыларға сәттілік тіледі. «Бүгінде қайырымды қаламызда бұқаралық спортты дамытумен қатар, жоғары спорт шеберлігін одан әрі жетілдіру жұмыстары қолға алынып, спорт саласына барынша қолдау көрсетілуде. Осындай байрақты бәсекелерге қатысып жүрген жас спортшыларымыз алдағы уақытта әлемдік ареналарда топ жаратынына сенімім мол» деді қала басшысы өз сөзінде.

«Әкім Кубогын» сарапқа салатын додаға Өзбекстан, Қырғызстан, Украина елдерінен және Қазақстанның барлық қалаларынан командалар қатысуда.