А.ӘЛІҚҰЛОВ: ҚАРАТАУ АУДАНЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

28

Шымкент қаласы, Қаратау ауданындағы 392 көп пәтерлі тұрғын үйдің 315-і орталық жылу жүйесін, 77-сі автономды жылу жүйесін пайдаланады.
Қысқы жылу маусымына көп қабатты үйлерді дайындау жұмыстарын «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС, «Алиаскар БАМ Групп» ЖШС, «Шымкент тұрғын үй қызмет» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС мекемелері атқарады.
Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов көп қабатты тұрғын үйлер жылу маусымына толық дайын екенін мәлімдеді.