«ДАРЫНДЫ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»

8

Бүгін Шымкентте осы тақырыппен бизнес тренерлер мен қоғам қайраткерлерінің, жастардың басын қосқан форум басталды.  Мақсат – жас ұрпаққа өмірде өз жолын табуға бағдар беру, тұлғалық қабілетін дамыту және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін тәжірибелерімен бөлісу.

Бүгінгі іс-шараға белгілі әнші-композитор Марат Омаров та менторлық жасап, өмірден түйгенімен бөлісуге арнайы келгенін айтты. Форум «Жастар жылы» аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Министрліктің оңтүстік өңіріне жауапты өкілі Р. Бақтияровтың мәлімдеуінше,  менторлық жұмыстың жастарға берері мол. Сондай-ақ, «KAZBRANDS» қоғамдық қоры өңірлік жастар мәселелерін талдау мақсатында тың зерттеулерді ұйымдастыру үшін сарапшылар тобын құрып, соның қорытындысымен интерактивті карта әзірлеуді қолға алмақ.