ЖАУАПТЫЛАР ӘКІМНЕН СӨГІС АЛДЫ

57

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың тапсырмасына сәйкес, «Тұран» шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешеніне №171 бағытта қоғамдық көлік маршруты бекітілген еді. Дегенмен, екінші күні-ақ тұрғындардан қоғамдық көліктің кешігуі, ерте тоқтап қалуы туралы шағым түсті. Бұл мәселеге жауаптыларға  қала әкімі сөгіс беріп, көлік қозғалысының жүйелі қатынауын жеке бақылауына алды.
Қазір аталған бағыттағы қоғамдық көлік уақтылы қатынауда. Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы «Әдияға» қосымша қоғамдық көлік қатынауын қарастыруды да тапсырды. Осыған байланысты Тұран шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешеніне баратын жол құрылысын жеделдету үшін бюджеттен 30 млн теңге бөлінді. Алдағы 10 күнде «Әдияға» апаратын жолдың бір жақ беті пайдалануға беріледі деп күтілуде.