ҚАЛА ӘКІМІ НАДЕЖДАҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

10

Тағдыр тауқыметін арқалаған шымкенттік жасөспірім Надежда Климова көмек сұрап, әкімге жүгінген-ді. Қыздың өтінішіне назар аударған Ерлан Қуанышұлы Надежданы арнайы қабылдады.

Мүмкіндігі шектеулі жанның басындағы жағдайға қаныққан қала әкімі заң аясында қамқорлық  көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан қолдау ұйымдастырылып,  Надежданы баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешілетінін айтты.