ҚАРАТАУДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

13

Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте БАҚ өкілдерімен кездесіп,  2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары жөнінде баяндады.  Аудан әкімінің айтуынша, санитарлық тазалық жұмыстарға қаржы қаралып, тиянақты жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, Шымкенттегі 24 елдімекен, тұрғын алап Қаратау  ауданына тиесілі. Алдағы уақытта бюджеттің 50 пайызы осы 24 елдімекеннің инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуға жұмсалмақ.