БРЕСТ ҚАЛАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ӨНЕРПАЗДАР ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

29

9 желтоқсан күні Брест қаласындағы «Мәдени астана» жылының жабылу салтанатында шымкенттік өнерпаздар өнер көрсетеді.   Осы салтанатты кеште  Шымкент қаласына «Мәдени астана» эстафетасы ресми түрде табысталады деп жоспарлануда.  Бұл туралы бүгінгі брифингке арнайы қатысқан «Мәдени астана» жобасының ұйымдастырушылары Мемлекеттердің гуманитарлық-ынтымақтастық жөніндегі халықаралық қоры директорының орынбасары Доля Эльвира мен қор директорының кеңесшісі Рахимов Камол мәлімдеді.

Фото: С. Қосаев