ЖАЙДАРМАНШЫЛАРДЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫ ӨТТІ

10

Шымкентте 8 қараша — халықаралық жайдарманшылар күніне орай «Жайдарман» маусымдық ойынының жартылай финалы өтті.

Ойында өнер көрсеткен 8 команда арасынан «Достық» (Халықтар Достығы университеті), «Капитан»(ОҚМУ), «Million» (Нұр-үміт өнер орталығы) топтары жоғары ұпаймен және «Хештег» (ОҚМУ) командасы әділқазылар алқасының шешімімен ақтық сынға жолдама алды.

Айта кетейік, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Шымкент қалалық Жайдарман филиалы және Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «JAIDARMAN» ойындарының жаңа маусымы 35 командамен басталған болатын. Ақтық сында іріктелген топтар қала әкімінің кубогі үшін бақ сынасады.