ШЫМКЕНТТЕГІ ЗООБАҚТА 265 ТҮРЛІ АҢ-ҚҰС БАР

15

Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласындағы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева баяндады. Бүгінде Шымкент зоологиялық саябағында 265 түрлі 2516 аң-құс басы бар. Мекеме басшысының міндетін атқарушы Ғалия Аликенқызы зообақ аумағында террариум, көгершіндер вольері, варандар мен тасбақалар вольері, сурикаттар вольері, құстар вольері, жыртқыш құстар вольері, жапон макакалар вольері, гепард вольерінің құрылыстары жүргізіліп жатқанын да атап өтті.