ШЫМКЕНТ 2200 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАЙДЫ

52

Келер жылы Шымкент қаласының «Мәдени астана» атануымен қатар бірқатар мерейтойлардың жоспары бекітілді. Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын орданың 750 жылдығы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы және қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығын мерекелеу көзделуде. Қазіргі таңда ЮНЕСКО елдерінің Париж қаласындағы басқосуында Шымкенттің 2200 жылдық тарихы туралы тарихи шешімнің қабылдануы күтілуде. Шешім қабылданған соң алдағы жылы Шымкенттің 2200 жылдық тойына дайындық басталмақ.