1570 АДАМ ТІЛ БІЛІМІН АРТТЫРДЫ

25

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиеваның  мәлімдеуінше  түрлі салада қызмет ететін 500-ге жуық азамат латын әліпбиі бойынша біліктілігін арттырған.  Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы 676 мемлекеттік және коммуналдық мекеме қызметкерлері латын графикасындағы клавиатураны апробациядан өткізген.«Жалпы «Тілдерді оқыту» әдістемелік орталығында жыл басынан 1570 адам білім алды. Олардың: 462-і латын графикасын, 435-і қазақ тілін, 86-ы орыс тілін, 587-і ағылшын тілін меңгеріп шықты дейді Ғалия Аликенқызы.