ОҢТҮСТІК ҚАҚПАНЫҢ АЛҒАШҚЫ КІРПІШІН ҚАЛАДЫ

27

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әдеттегідей, сенбі күні ескі қалашық бекінісін қалпына келтіру жұмыстарын аралап, құрылыс қарқынын көрді.

Шаһар басшысы тиісті мамандарды сонда жинап, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Цитадель қалашығы болашақта қала қонақтары мен тұрғындарының көп келетін орындардың біріне айналуы тиіс. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатынын ескерсек, аталған нысандағы археологиялық қазба жұмыстары өте қарқынды жүргізілуі тиіс. Жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдарымыз көптеген тарихи жәдігерлер табуда. Келер жылы болатын іс-шараларға қазірден сақадай сай болуымыз қажет», — деді Ерлан Қуанышұлы.

Аралау барысында шаһар басшысы Цитательдің Оңтүстік қақпасының алғашқы кірпішін қалады.

Айта кетейік, Цитадель Шымкенттің негізгі туристік орны болады деп күтілуде. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтереді.