«ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗ»

134

Бүгін Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығында» жазушы, журналист, «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері Айдарбекова Күлия Смайылханқызының «Перзенттік парыз» тақырыбында жастармен кездесу кеші өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған шараны республикаға танымал айтыскер ақын Біржан Айтуов  ашып, жүргізді.
Кездесуде ақын Кендебай Ахат сөз алып, Күлия Смайылханқызының шығармашылығына тоқталып, кеш иесіне деген жылы лебізін жеткізді.

Кездесуді Кешке драматург Сая Қасымбек пен жазушы Зылиха Жантасова қатысып, Күлия Айдарбекова шағармаларының ерекшелеіктерін тілге тиек етті.  Жастар кеш иесінің шығармаларынан үзінділер оқыды. Сондай-ақ,  жастар өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.