ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР ЖҰМЫСТАН ШЕТТЕТІЛЕДІ

51

Енді Шымкентте қоғамдық көлік қызметін арнайы құрылған жұмыс тобы бақылайды. Олар алдын ала сала жұмысына жауаптылармен түсіндіру шараларын жүргізіп, ескерту берді. Бұдан былай тәртіпке бағынбағандар жауапкершілікке тартылады.  Қала билігі тасымалдау талаптарын бұзған компанияларды бірден жұмыстан шеттетінін мәлімдеді.

Жұмыс тобының құрамына әкімдік пен жолаушы тасымалы қауымдастық өкілдері, көліктік бақылау инспекциясы және жергілікті полиция мамандары енген.  Комиисия мүшелері автобустарды жол үстінде тоқтатып, көлік компанияларының қызмет сапасы туралы жолаушылардың ой пікірін тыңдайды.

Өздеріңізге белгілі, қала әкімінің атына қоғамдық көліктің қозғалысына наразы өтініштер көптеп түседі. Жұмыс тобының тексеруі бұл олқылықтың орнын толтыратынына сенім мол.