АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

14

2019 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  4 064,7 млн. теңгеге артты.
Нәтижесінде жалпы өнім көлемі 27 192,3 млн.теңгеге жетті. Бұл туралы бүгінгі баспасөз брифингі барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов мәлімдеді. Нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,8 пайызға жетті. Бұл республикада ең жоғарғы көрсеткіш (РК – 99,8%, 1 орын).