ЕКІ КӨШЕНІҢ АТАУЫ ЖАҢАРТЫЛЫП, БІР КӨШЕНІҢ АТАУЫ САҚТАЛАДЫ

15

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы Сәкен Әбдіжаппар ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында Шымкент қаласына кейіннен қосылған елдімекендердегі қайталанатын көше атауларының өзгеретінін мәлімдеді.

Ол алдымен көпшілікті алаңдатқан Ю.Гагарин көшесінің атауын ауыстырудың қажеттілігін атап өтті.

— Қазіргі таңда Шымкент қаласында барлығы 97 шағынаудан, 2129 көше бар. Алайда, оның ішінде атауы жоқ – 305, атауы қайталанатын – 28, моральдық тұрғыдан ескірген – 28 көше мен 24 шағынаудан бар. Қаладағы шағынаудандармен көшелерге атау беру және қайта атау бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауы өткен болатын. Абай ауданы Игілік тұрғын алабындағы Ю.Гагарин көшесін – Айсакөл, Еңбекші ауданы Жұлдыз тұрғын алабындағы Ю.Гагарин көшесін – Асубұлақ деп өзгертуге ұсындық, Себебі қала аумағында қайталанатын көше болмауы тиіс. Республика даңғылынан бастау алатын Ю.Гагарин көшесінің атауы өзгеріссіз қала бермек. Көпшілікті түсіністікпен қарауға шақырамыз, — деді Әбдіжаппар Сәкенұлы.