ЕҢБЕК АДАМЫНА АРНАЛДЫ

12

Шымкенттегі «Тарихи-өлкетану ерлік» мұражайында «Музейлер рухани жаңғыру жолында» айдарымен тағлымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Кеш себепкері — еңбек ардагері, белгілі кәсіпкер Артықбай Базарбайұлы. Өнегелі өмірді насихаттауға арналған жиында кейіпкердің жинаған 150 ден астам жәдігері көрмеге қойылып, келушілер назарына ұсынылды.

Мұражайда Артықбай Базарбайұлына арнайы бұрыш ашылып,  өткен ғұмырының ұмытылмас,  шырайлы сәттері суреттер арқылы сөйледі. Сонымен қатар,  мәдениет саласының үздігіне Қазақстан Педагогика академиясының профессоры атағы беріліп, «Ұлағат» медалы табыс етілді.