КӨГІЛДІР ОТЫН КӨП КЕШІКПЕЙДІ

11

Қайырымды қала Шымкентт тұрғындарының 99 пайызы көгілдір отынмен қамтылады. «Бұл көрсеткішке 2021 жылы шаһардағы үшінші АГРС-ті іске қосудың нәтижесінде жетеміз»- деп, мәлімдеді бүгінгі баспасөз брифингі барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов. Аталмыш нысан іске қосылғанға дейін табиғи газбен қамтылмаған тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін қала әкімі Ерлан Айтахановтың тапсырмасына сәйкес,  «Түркістан облысы Сайрам ауданы Қасымбек Датқа елді мекенінен 25 мың м3/сағ газ алуға жеткізуші газ құбырының құрылысы (7,5км)» нысаны бойынша ЖСҚ әзірленуде екен.