СӘН АПТАЛЫҒЫНЫҢ СЫЙЫ СӘНҚОЙЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

22

Шымкентте Қазақстанның сән апталығы өтті. Көрсетілімде 2020 жылдың көктемі мен жаз маусымының сән үлгілері көрсетілді. Отандық және шетелдік дизайнерлер топтамасын жарыққа шығарған шараны «Sulumodels» сән агенттігі ұйымдастырды.

Мегаполисте осымен үшінші рет өткен сән апталығында отандық және шет елдік дизайнерлер топтамаларын таныстырды. Ұлттық нақыштағы этно үлгідегі көйлектерден бастап, замануи үлгідегі киімдер, тіпті тойдағы қалыңдық киетін көйлектер де көздің жауын алып, көрерменді тәнті етті.