ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

29

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Shymkent City» тұрғын алабына тағы ат басын бұрды.

Өткен аптада тұрғындармен кездескен әкім мұндағы мәселелер түбегейлі шешімін тапқанша  өзі арнайы келіп, жұмысты бақылайтынын айтқан еді.
Берілген тапсырманың нәтижесінде жауапты мамандар екі күнде №9, 10 үйлерге жылы судың, 732 пәтерлі 12 көп қабатты үйге жылудың берілуін қаматамасыз етті.

Тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» ЖШС-не тиісті текникалық құжаттар рәсімделуде.

Шаһар басшысы, бұдан бөлек, «Shymkent City» тұрғын алабында салынып жатқан тұрғын үйлер мен мектептің және жылыту қазандығының құрылысын аралап көрді. Құрылысты салушы мердігерлермен кездесуде Ерлан Қуанышұлы құрылыс сапасына баса назар аударып, кемшіліктерге жол бермеуді ескертті.