«ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ»

12

Бүгін Шымкент қаласының  әкімі Ерлан Айтаханов ҚМДБ-ның Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани құндылықтар — қоғам бірлігінің негізі» аймақтық форумына қатысты. Форумның мақсаты — III республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау, мұсылман жамағатын білім алып, қоғамға пайдалы болуға, отансүйгіштікке, ізгілікке, бірлікке, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға үндеу.

Аймақтық имамдар форумына қала әкімімен қатар, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысының бас имамдары, дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жалпы 800-ге жуық дін өкілі қатысты.