ҰЛТТЫҚ КОД — ҰЛТТЫҚ ӨНЕРМЕН ҮНДЕС

22

Шымкентте дәстүрлі «Жаңғырық» фестивалі өтті. Ұлттық өнерді насихаттауды мақсат тұтқан шарада жас өнерпаздар «Сүгір» атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен ән шырқап, күй тартты. Талай жастың өнерін шыңдап, үлкен сахнаға шығуына себеп болған бұл шара биыл үшінші рет ұйымдастырылды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында көзделген міндеттерді жүзеге асыруда ұлттық кодтың сақталуы үшін ұлттық құндылықтарды дәріптеу аса маңызды. «Жаңғырық» фестивалі осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.