ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ САЗДЫ ҮНІ

17

Шымкент қаласындағы әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында «Дала сарыны сарқылмайды» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Жиын барысында профессор Сайлаубек Жақсыбеков ұлттық музыкалық аспаптардың өткені мен бүгіні жөнінде толғанды.

Басқосуға халқымыздың рухани мұрасын, ұлттық құндылықтарымызды арттыруға сүбелі үлесін қосып жүрген этнофольклоршылар, ұлт аспаптарын (нарқобыз, жетіген, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, шертер, даңғыра, дабылғ мүйіз сырнай, т.б.) меңгерген өнерлі өрендер қатысты.