«KAZBAT» КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

89

Үшінші мегаполисте тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік мақсатта қызмет атқару барысында қаза тапқан сарбаздардың құрметіне түсірілген фильм көрермен назарына ұсынылды.

Қала әкімінің орынбасары Н. Ергешбек ерліктің құны ешқашан төмендемейтінін айтып, ерлікпен қаза болған сарбаздар ұмытылмайтынын жеткізді.

Көркем туындыда 1995 жылы 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасына жасалған шабуыл баяндалды.

Фильмнің идеясын ұсынған – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, режиссер – Асқар Ұзабаев, фильмнің қоюшы бас операторы – Максим Задарновский.

Фильмде танымал актерлер Дәурен Серғазин мен Ринат Дошибеков, жас актерлер – Халық Рахат, Дияс Мырзахмет, Шарифбек Закиров және Индира Шынболатқызы басты рөлдерді сомдайды.

Жаңа туынды 21 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Фильмнің теледидарға арналған нұсқасы келесі жылы 7 сәуірден бастап, аталған қарулы қақтығыстың 25 жылдығына орай «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.