АКАДЕМИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР АҢДАТПАСЫ ӨТТІ

26

Шымкент қаласындағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде Назарбаев университетінің академиялық бағдарламаларын түсіндіруге арналған жиын өтті. Университет қазақстандық бірегейлікті, үздік халықаралық білім үлгісін, ғылыми тәжірибені ұштастырып, халықаралық экономикалық стандарттарға сәйкес және автономдылық пен академиялық еркіндік қағидаттарын басшылыққа алып жұмыс істейтін Қазақстандағы бірінші университет. Университет талаптарына сай келетін кез-келген абитуриент грантқа түсе алады. Екі күнге созылатын түсіндіру жұмыстары ертең «Қазақстан халқы Ассамблеясында» 23 қараша сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін өз жалғасын табады. Алғашқы күні ақпараттық топ «магистратура және доктарантура» үміткерлеріне түсіндіру шараларын жүргізсе, екінші күні «бакалавриат және foundation» бағдарламасына қатысу тәртібін баяндайтын болады.