УЛАНҒАН ОТБАСЫ АМАН ҚАЛДЫ

54

Шымкентте токсиколог-дәрігерлер уланған бір отбасы мүшелерін аман алып қалды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі 54 жастағы әжесін үш немересімен (3 және 5 жасар ұл бала мен 2 жасар қыз бала) Шымкент қалалық гипербариялық оксинигенациялық орталығына жеткізген. Нәтижесінде, токсикологтардың шұғыл әрекет етуі арқасында уланып қалған бір отбасы мүшелері аман қалды.