ШЫМКЕНТТЕ 200-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ

57

ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру бойынша ел бойынша «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы өтті.

Осының аясында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов пен аудан әкімдері азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Аталған лауазымды тұлғалар бұл күні 200-ге жуық азаматты қабылдады.

Сағат таңғы 09.00-ден кешкі сағат 21:45-ге дейін қала әкімі 56 азаматты қабылдады. Бүгінгі таңда проблемалар мемлекеттік бағдарламалар аясында шешіліп отыр. Дегенмен, шешімін таппаған мәселелер де жеткілікті.

Қабылдауда Ерлан Қуанышұлы тұрғындармен ашық диалог құрып, Шымкенттің алдағы даму жоспарымен де бөлісті. Сондай-ақ, азаматтардың қаланы дамыту бойынша ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар тарапынан ең көп жолданған сауалдардың бірі тозығы жеткен жол мен қоғамдық көлік және жылу мәселесіне қатысты болды. Бұдан басқа ауызсу, газ, баспана кезегі мәселелері айтылды.