ҚАЗАҚТЫҢ ХАНБИБІСІ — 70 ЖАСТА!

85

Бүгін Шымкенттегі  «Қазақстан халқы ассамблеясы» ғимаратында Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызының 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Ақынның мерейлі мерекесі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясымен басталды. Мұнан соң көпшілік қаламгерге арналған кітап көрмесін тамашалады.

Салтанатты жиынға қатысқан  Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мерейтой иесін құттықтап, сый-сияпат жасады.

Амангелді Айталы, Әлихан Бәйменов ақын жырларының биіктігіне тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, Х.Есенқарақызының өлеңдері орыс, украин, қырғыз, өзбек тілдеріне аударылған. Сондай-ақ, ақынның өлеңдеріне композиторлар тамаша әндер жазды. Көпшілік мерейтой иесінің «Алтынай», «Нурикамал», «Дос іздедім» сынды әндерін сүйіп тыңдайды.