АБАЙ КҮНІ ӨТТІ

63

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, Шымкенттегі №-125 мектепте Абай күні өтті.

Білім ұясының ұжымы бір күндік сабақ кестесін толықтай ақынның ғұмыры мен шығармашылығына арнады. Тіпті спорттық шаралар да соған негізделген. Басты мақсат жастарға ұлы ойшылдың шығармаларын кеңірек насихаттау.

Мұғалімдер Абайдың  әнін шырқап, оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Аралас мектептегі өзге ұлттың балалары да қазақ данасының шығармаларын жатқа айтты. Мектептегі жас суретшілер абыздың бейнесін қылқаламмен қағаз бетіне түсірді.