ЖЕТЕКШІ КӘСІПОРЫНҒА АЙНАЛДЫ

48

Бүгінде Шымкент қаласында орналасқан «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясы Қазақстан-Қытай мұнай өңдеу ісіндегі жетекші кәсіпорынның бірегейіне айналды. Шымкент мұнай өңдеу зауыты екі ұлттық оператор – «ҚазМұнайГаз» бен CNPC компанияларының табысты серіктестігінің үлгісі.

Қара алтынның қаймағын қал­қып, өңдеу ісімен айналысатын ұжым өзінің жобалық қуатын арт­тыру, өнім көлемін еселей түсу үшін батыл қадамдарға барды. Нәтижесінде отандық өнім бұ­рын­ғыдан да терең өңделіп, са­па­сы «Еуро-4» және «Еуро-5» стан­дартына көтерілді. Осы­лай­ша зауыт мұндай мүмкіндікке елі­­­міздегі Үдемелі индустриялық-ин­новациялық даму бағдар­лама­сының аясында қол жеткізді.

«Жыл өткен сайын Қазақ­стан мен Қытай арасындағы сауда-саттық, экономикалық жобалардың көрсеткіші жо­ғарылап келеді. Бұл дегеніміз көр­шілес екі мем­лекеттің тату­лығының белгісі. Біз жұмысымен танысып отырған Шымкент мұнай өңдеу зауыты соның бір дәлелі. Аталған мекемеде өң­делген өнімдердің сапасы артып, шетел нарығында саудалануда. Кәсіпорын екі елдің сала мамандарының ұжымдық бір­лігінің, тынбай еңбектенуінің арқа­­сында ғана осындай жетіс­тіктерге жетіп отыр. Осы орайда елшілік атынан Қазақстан азаматтарын өткен тәуелсіздік күнімен құттықтаймын», дейді ҚХР-дың елі­міздегі Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо.

Өз кезегінде «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң президентi Цзян Ши өндiрiс орнының тарихы туралы сөз қозғап, кеңестік кезеңнен бері күрделі жөндеу көр­меген зауыттың тәуелсіздік жыл­дарындағы жетістіктеріне тоқ­талып өтті.