ТАШКЕНТТЕ ШЫМКЕНТ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

35

Өзбекстан астанасы Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында «Шымкент – шырайлы шаһарым!» атты мәдениет күндері өтуде.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай  жиынды ашып,  бұл шараның бауырлас екі мемлекетті жақындастыра түсетін маңызды қадам екеніне тоқталды.

Іс-шара аясында елімізге танымал ақындар мен жазушылар, өнер қайраткерлері Ташкент кітапханасында ұйымдастырылған мерекелік жиынға қатысып, екі елдің достығын дәріптеуге ат салысты.  Сонымен қатар,  қатысушылар тәуелсіз Қазақ елінің өткені мен бүгінін айғақтайтын кітап көрмесін аралап көрді.