«АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА»

4

Шымкенттегі №47 «Алтын бесік» бөбекжай-балабақшасында Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырылды. «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты мерейлі іс-шараға Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов, ата-аналар қатысты.
Жиында болашағынан үміт күттірген бүлдіршіндер ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, ән шырқады. Балабақша басшылығы ұлы ақынның мерейтойына орай әр айға іс-шаралар жоспарын құрған.

«Алтын бесік» – қаламыздағы үздік бөбекжай-балабақшалардың қатарында. Мекеменің шығармашылық тобы республикалық байқауларда жоғары көрсеткішке ие болып жүр. 1967 жылы негізі қаланған балабақшада бүгінде 20-дан астам педагог 220 бүлдіршінге тәлім береді.