КӘСІПКЕРЛЕРМЕН МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ

5

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Білім беру мен өндірістің мамандарды дайындау сапасын арттыру мақсатындағы интеграциясы» атты аймақты бизнес ортасындағы серіктестіктермен дөңгелек үстел  өтті. Жиынның мақсаты дуалды білім беру, өндірісте кафедра филиалдарын ашу және түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасау. Енді аталмыш жоғарғы оқу орнында білім алып, қолына диплом алған студенттер тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Бұл бағытта университет ірі кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, «Саутс ойл» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Су ресурсы-Маркетинг» ЖШС, «Азия Трафо» ЖШС -мен  ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды.