ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ

6

Шымкенттегі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті әскери кафедрасында  «1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті» күніне орай студенттермен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шарада әскери кафедра оқытушысы запастағы подполковник О.Амалбеков Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны туралы баяндама жасап, жеке құрам назарына «Елбасы» деректі фильмі көрсетілді.

Мемлекеттің дамуы мен ондағы Елбасының сіңірген еңбегі кеңінен баяндалған бұл басқосуда студенттер де пікірлерін ортаға салып, ұлтжандылықты ұштауда бұл шараның маңызын атап өтті.