ІЗГІЛІК ЕЛШІЛЕРІ

5

Шымкентте  «Самұрық қазына» АҚ және М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Ізгілік елшісі» жобасының еріктілері, қаладағы өзге жоғары оқу орындарының студенттерімен бірлесіп ҰОС және Еңбек ардагерлеріне көмек берді. Шара ұйымдастырушылары «Ұлттық еріктілер желісі», Шымкент қаласының Әл Фараби аудандық Әкімшілігі, «Ізгілік елшісі» жобасының Шымкент қаласы бойынша үйлестірушісі М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Парасат» Басқармасы. Қайырымдылық іс-шарасына ҰОС естеліктері және тыл ардагерлері еңбегі мен ерлігі үлгі болған барлық еріктілер қатысты. Шара соңында ұйымдастырушылары игі іс барлық жастарға үлгі болса екен деген ниетін білдірді.