«ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»

6

Шымкентте 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Қала басшысы Ерлан Айтаханов алдымен 11 этно-мәдени бірлестіктің және өндірістік көрмемен танысты.  Салтанатты жиында сөз алып, үшінші мегаполис тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Көпшілікке  Елбасы сүйіп тыңдайтын әндер мен дәстүрлі әндер, патриоттық әндер шеруі ұсынылды, «Өнер» мектебінің өнерпаздары мен хор ұжымы тамаша туындыларды орындаса, «Қазына» би ансамблі биден шашу шашты. «Мейір» балет мектебінің бишілері «Штраус» балетін орындады.

Салтанатты жиын барысында өз саласында жетістікке жеткен бірқатар сала мамандарына қала әкімінің Алғыс хаты табысталды. Олардың арасында Нұрсұлтан Әбішұлының курстасы Аманәлі Әбдіраманов та бар.