ЕРКІН КҮРЕСТЕН КҮМІС ЖҮЛДЕ

5

Еркін күрестен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына елімізден бірнеше спортшы қатысты. Олардың арасынан оқ бойы озып шыққан жеті балуан жеңісті қолдан бермеді. Ал, жерлесіміз Қарабек Арыстан күміс медальді қанжығаға байлады.

Азия чемпионатынан жеңіспен оралған спортшымыз бүгін туған жеріне абыроймен оралды. Жеңімпазды туған туыстары мен достары темір жол вокзалынан күтіп, құрмет көрсетті.