ЖАСТАР АКЦИЯСЫ РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛДЫ

5

Шымкентте 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай патриоттық акция ұйымдастырылды. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үндеген іс-шара Әл- Фараби алаңында өтті.

Салтанатты жиында қала әкімі Ерлан Айтаханов көпшілікті мерекемен құттықтап, ұлт рухымыздың айғағы — рәміздерімізге құрметтің ерекше сақталуы қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, бірқатар жастарға «Nur Otan» партиясының мүшелік билетін табыстады.
«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы ұйытқы болған патриоттық акцияға шымкенттік жастар қолдау білдірді. Ал қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік жиынды әсем әндерімен әрледі.