«МЕНІҢ КӘСІБІМ» — ОТБАСЫ НӘСІБІ

6

Табысы аз, көпбалалы отбсыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеуші аналарға өз ісін ашуға мүмкіндік беретін жоба Шымкентте жүйелі жүргізілуде. Бүгінде қайырымды шараның шарапатын көрген жанұялар қатары артып келеді.

Шымкент қаласы бойынша аталған жобаға 23 отбасы тіркелген. Солардың біреуі Мадина Тайжанова. Ол төрт баланың анасы. 3 перзентінің мүмкіндігі шектеулі. Бүгінге дейін көже, самса сынды тағамдарды көше аралап саудалап келсе, енді оған аталған жоба аясында құны 400 мың теңгелік тауық етін қуыру және пісіру қондарғысы табыс етілді.

Мадинаның отбасының қуанышын бөлісуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр арнайы келіп,  бастаған кәсібіне сәттілік тіледі.