ЮНЕСКО ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕРЕЙТОЙЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

6

Франция астанасында өткен ЮНЕСКО-ның 40-Бас конференциясында шығыстың ғұлама ойшылы әрі ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығын және Шымкент қаласының негізі қалануының 2200-жылдығын келесі жылы атап өтілетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде арнайы қарар қабылданды.
Ұйымға мүше 193 мемлекеттің ортақ шешіміне сәйкес ЮНЕСКО Хатшылығына аталған мерейтойлар аясында өткізілетін іс-шараларға қатысу тапсырылды.